ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Коммерциялық 1

№1 коммерциялық бөлімшесі 2002 жылдың ақпан айының 11-нен бастап жұмыс істейді. 

Бөлімше кадрлармен толық жасақталған және бөлім меңгерушісі жоғары санатты аллерголог-дәрігері Гульмира Сатпековна Даутова. Барлық медбибілер біліктілік  санатына ие. Пациенттер әр түрлі патологиядан(терапиялық, неврологиялық, хирургиялық бағдарлары бойынша) мамандандырылған көмек ала алады, бұл үшін Медициналық орталықтың барлық қажетті мамандары тартылады. Клиниканың мүмкіндіктері шегінде 3-5 күндердің ішінде толық тексерістен өтуге мүмкіндік бар. Бөлімше науқастарға жедел және жоспарлы түрде медициналық көмек көрсету үшін заманауи дәрілік заттармен қамтамасыздандырылған. Зерттеуге арналған пульсоксиметр, тыныстық терапияға арналған небулайзер, дәрілік заттардың уақыты мен мөлшеріне сәйкес инфузийге арналған инфузомат және перфузор бар. Бөлімшеде аллергологиялық дерті бар науқастардың өзіндік диагностикасы мен емдеу жүргізетін аллергологиялық кабинет ашылды. Диагностикасы мен емдеуі желтоқсан айынан бастап сәуір айына дейін, ал аллерголог дәрігерінің кеңесі жыл бойы жүргізілед. Сондай-ақ, аллерголог дәрігері тыныс-өкпе ауруымен ауыратын пациенттерге кеңес жүргізеді.        .

                           

Жезқазған, Сәтбаев қалаларының, Жәйрем п., Қаражал п., іргелес аудандардың, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының басқа да қалаларының тұрғындарын тексерілуге және емделуге шақырамыз. Емделу ақылы түрде жүргізіледі.   

 Барлық палаталарда санитарлық торап, теледидар, тоңазытқыш бар және  уақытылы төсек-орын тысы ауыстырылады. Пациенттер орамалмен, иіс сабынмен, майлықпен, дәретхана қағазымен, ауыз сумен қамтамасыз етіледі. 

 

Бөлімшеге жатқызылу сұрақтары бойынша Медициналық орталықтың стационар блогы оң жағындағы 3-ші қабатта орналасқан бөлімше меңгерушісіне жұмыс күндері сағ.08.30-дан 17.00-ге дейін жүгіне ала аласыздар.

 

   

4 фото
10
13
11
12
10
13
11
12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA